"Наурыз" бағдарламасы: Үй қымбаттап кетпей ме?

206

Жаңа ипотекалық бағдарлама 8 жылға арналған.  

"Наурыз" бағдарламасы: Үй қымбаттап кетпей ме?

"Наурыз" бағдарламасында заем бойынша оң мақұлдау алған үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Осы бағдарлама аясында сатылатын тұрғын үйдің барлығы "Отбасы банктің" тиісті мамандарының елегінен өтеді. Яғни, келісіледі.  "Отау", "Наурыз" бағдарламасы арқылы пәтерлерді сатамын деген құрылыс компаниялары бағасын бізге жібереді. Біздің мамандар оның бүгінгі таңдағы орташа нарықтық бағаға сәйкестігін тексереді. Егер келіскен жағдайда, порталға тұрғын үй енгізіледі. Одан кейін құрылыс компаниясы жылдың соңына дейін бағаны өсірмеу бойынша міндеттеме алады", - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай.

Сөзінше, осы механизм нарықтағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қолданылып отыр.

"Қазақстанда жыл сайын 360 мыңға жуық сатып алу мәмімелері жасалады. "Отбасы банк" былтыр 68 мыңға жуық заем берді, бұл жылда жасалатын мәмілелердің шамамен 18-20 пайызы ғана. "Отау" бағдарламасы бойынша айтсақ, жылдың соңына дейін 8 мың келісімшарт жасалады. Бұл 2 пайыз. Сондықтан мұндай шағын пайыз жалпы бағаның ауытқуына әсер етпейді деп есептейміз", - деп атап өтті спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кету керек, осыған дейін "Наурыз" бағдарламасы бойынша ең жас өтініш берген азамат Түркістан облысында тұратынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу