Ол бағдарламаның бастапқы жарнасы төмендегенімен, ай сайынғы төлемі ұлғая түсетініне тоқталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Роман Склярдың айтуынша, банктердің мақсаты – несие алушының төлем қабілеттілігін сапалы және теңгерімді бағалау. Сондықтан, ипотекалық төлем кез келген адамға алдағы уақыттағы жақсы, жайлы өмір сүру үшін беріледі, сондай мүмкіндік сыйлайды. Сол үшін "Наурыз" бағдарламасының бастапқы жарна көлемі азайса да, ай сайынғы қаржылық жүктемесі ұлғаяды. Бұл өз кезегінде тиімсіз. Премьер-министрдің бірінші орынбасары депутаттарға осыны айтқысы келген.
Десе де, ол жергілікті атқарушы органдар табысы төмен отбасыларға бастапқы жарнаны төлеу, қаржылық қолдау мақсатында тұрғын үй сертификатын бөлетінін жеткізді.
– Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге қатысты "Отбасы банк" АҚ бағыты бойынша 2, 5, 7 және 9 пайыз болатын түрлі шарттармен ипотекалық бағдарламалардың бар екенін атап өтеміз. Сондай-ақ, "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы (9-20-25) бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жылдық 7 пайыз төмендетілген мөлшерлеме қарастырылған, – деді ол.
2019 жылдан бері жергілікті атқарушы органдар 1,6 млрд теңгеден астам сомаға сертификаттар бөлгені жайлы мәлімет бар.