Наурыз мерекесінде бауырсақтың 20-дан астам түрі таныстырылды

1923

Наурыз мерекесінде бауырсақтың 20-дан астам түрі таныстырылды

Павлодарда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде "Ақ дастархан" бауырсақ сайысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Жанар Тәжікованың айтуынша, ұлттық тағамның бұл түрі бойынша сайысқа дарынды балаларға арналған 13 мамандандырылған, арнайы мектептер қатысуда.

"Әр мектеп ерекше дайындалған екен. Бірі - 18, кейбірі 24-27 ұлттық тағамның түрін әзірлепті. Дайындалу әдістері де көрсетілген. Біз бірінші кезекте бауырсақтар көрмесін тамашалап, екінші кезекте мектеп ұжымының өнеріне баға береміз", - дейді Жанар Тәжікова.

№10 мектеп бұл жарысқа ұлттық тағамдардың 27, соның ішінде бауырсақтың 18 түрін әзірлеп әкелді.

"Ашыған, ашымаған бауырсақтар, тәтті, май қосылған, бал қосылған бауырсақтар, ши бауырсақ, шелпек бауырсақ, ұсақ, дөңгелек, қытырлақ, сорпаға қосылған бауырсақтар жасадық, - дейді Абай атындағы №10 мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағда Қазиева. – Әрбірінің дайындалу жолдары бөлек. Павлодар облысында қолданыста жоқ қияқ бауырсақ ашытылып майға пісіріледі. Ол негізінен оңтүстікте пайдаланылады. Біз сонымен қатар Өскемен, Семей, Талдықорған өңірлерінің бауырсақтарын дайындадық. Павлодарда қолданылатын бауырсақтың төрт түрін жасадық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу