Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сүйенсек, олардың жалпы салмағы – 175 келі. Алтын құймаларын халыққа сату және сатып алу бағдарламасы басталғалы бері 4 тонна 200 келі алтын сатылған. Немесе 122 мың 430 құйма.
Салмағына қарай бөлінетін құймалардың ішінде 10 грамдығы сұранысқа ие екен. Содан кейін тізімде 5, 100, 20 грамдық алтындар тұр. 50 грамм құймаға сұраныс аз сияқты. Айта кетерлігі, алтын құймаларын екінші деңгейлі банктер мен банктен тыс айырбас пункттерінде сатып алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу