Биыл наурызда бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары 12 күн демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Биыл 8 наурыз сейсенбіге сай келіп тұр. Сондықтан сенбі, 5 наурыз толық жұмыс күні болып саналады, ал демалыс дүйсенбі, 7 наурызға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады (6, 7, 8 наурыз).
Алты күндік жұмыс аптасында 5-7 наурыз – жұмыс күндері.
2022 жылғы 6-8 наурыз демалыс күндері болып саналса, ал 9 наурыз – жұмыс күні.
Наурыз мейрамында 5 күн жұмыс істейтін тұрғындар 5 күн демалады: 19, 20, 21, 22, 23 наурыз, ал 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 19 наурыз жұмыс күні болады. Олар жалпы 4 күн демалады (20, 21, 22, 23 наурыз).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу