Наурызда өткен ҰБТ-ның аралық нәтижелері шықты

1462

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижесін шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Наурызда өткен ҰБТ-ның аралық нәтижелері шықты

Мәліметке қарағанда, "математика-физика" (25%), "химия-биология" (17%) пәндері көп таңдалған. Ал "химия-физика" (0,13%) ең аз таңдалған пәндер. Бұл пәндерді тапсырып "Химиялық инженерия және процестер" білім беру бағдарламасын таңдауға болады.

Талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Орташа балл - 65, ең жоғары балл – 134. Қатысушының 28-інің нәтижесі 130 балдан асты. 

Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. 74,2%-ы қазақ тілінде, 25,6%-ы орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Тестілеуде ережеге қайшы әрекетке барғандар туралы да айтылды.

"63 адам - смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. 135 адам - тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан  шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болған. Калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін қайтадан естеріңізге сала кетейік. Достар, сіздерді тағы да академиялық адалдыққа шақырамыз. Тек өз білімдеріңізге сеніңіздер. Сәттілік тілейміз!" - деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу