Назарбаев мектебінің шешімін құрметтеуіміз керек – Асхат Аймағамбетов

936

Оқушы білім ордасынан шығарылды. 

Назарбаев мектебінің шешімін құрметтеуіміз керек – Асхат Аймағамбетов Фото: instagram.com/aimagambetov

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, НЗМ-де болған оқиға жеке мектептің құзыретіндегі мәселе.

"Бұл Үкіметтің, тіпті Парламенттің, басқа әкімдіктің құзыретіндегі мәселе емес. Мектептің құзыретіндегі мәселе болғаннан кейін мектеп өзі шешім қабылдауы керек. Ол  шешімді мектеп қабылдады. Біз оны құрметтеуіміз керек және де соған бағынуымыз керек", - деді Асхат Аймағамбетов.

Мәжілісмен "Мұғалімдердің мәртебесі туралы" заң бар екенін еске салды.

"Олардың ерекше мәртебесі заңмен бекітілді. Мұғалімдердің мәртебесін осылай бұзған әрине оған жаза болуы керек. Мен мұғалімдердің мәртебесін бұзған азаматтар үшін, ол тіпті ересек азамат болса да, ол кім болса да, шара қолдану керек деп санаймын", – деді депутат Мәжіліс кулуарында. 

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу