Назарбаев сыйға тартқан жылқы финдердің атқа мінуге деген қызығушылығын тудырған

1257

Назарбаев сыйға тартқан жылқы финдердің атқа мінуге деген қызығушылығын тудырған

Финляндия Парламентінің бірінші вице-спикері Маури Пеккаринен атқа мінуге деген құштарлығын оятқан оқиғаны еске алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біздің Президентіміздің 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанға жасаған бірінші сапарында сіздердің Президенттеріңіздің сыйлығы көптеген финнің әлі есінде. Нұрсұлтан Назарбаев сыйға тартқан жылқы Финляндияда ұзақ өмір сүрді. Содан кейін Финляндияда барлығы оны көргілері келіп, атқа мінуді үйренуді қалады", – деді депутат, бүгінгі "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Болашаққа көзқарас" халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде. 

Маури Пеккаринен екі елдің ұқсастықтарын тілге тиек етті. "Финляндия, кішірек ел ретінде, басқаларға үйретері көп және табысты тәжірибесімен алмаса алады. Біздің қоғамның ашықтығы, білім беру сапасы, сондай-ақ жемқорлықпен күрес, біздің демократиямызды (Финляндия мен Қазақстан - ред.) ұқсас әрі жемісті етеді", - деп атап өтті Финляндия Парламентінің вице-спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу