"Біз тергеуді оқиға болған күні бастадық. Істі Бостандық ауданының полиция бөлімі тергеп жатыр. 8-сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл жантүршігерлік оқиға. Бала отбасының ең үлкені болатын. Олардың отбасында төрт бала болған. Оқиғаның мән-жайын бәрі біледі деп ойлаймын. Осының барлығы бірнеше күн бойы БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарады, талқыланды. Іс қаралуда", – деді Полиция департаменті басшысының орынбасары.
Еске сала кетсек, 28 қазан химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болды. Полиция департаментінде жағдайды суицид деп атаса, мектеп әкімшілігі оқиға оқудан тыс уақытта болған деп мәлімдеді.