Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай "Странджа-2021" халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтемемен.
Әйелдер арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Назым Қызайбай алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы кездесуінде ол марокколық Рабабы Чеддардан басым түсті.
Ел құрамасының тағы бір мүшесі Римма Волосенко қарсыласына жол берді. АҚШ өкілімен өткен кездесу 1:4 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, 72-рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу