Неге жол көлік оқиғаларында көбінесе балалар зардап шегеді?

Мұның себебін маман атады. 

Неге жол көлік оқиғаларында көбінесе балалар зардап шегеді? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар.

"Ал қалғандары жаяу жүргіншілер болды. Көп жағдайда балалар ересектер тарапынан тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Себебі, олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдаланбайды. Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек", – деді инспектор.

Ақтоты Боранованың айтуынша, баланың жолдағы мінез-құлқы, көбінесе, ата-анасының мінез-құлқына байланысты. Сондықтан, егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері сақтаса, бұл мінез-құлық бала үшін нормаға айналады.

"Жаяу жүргіншілер кінәлі болатын ЖКО-ның негізгі себептері белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту және бағдаршамның тыйым салу сигналына өту болып табылады", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу