Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артты

1457

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артты

СҚО-да 2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй енгізу – 32,1%, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 8,1%, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 5,2%, бөлшек сауда көлемі – 3,5,%, ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі - 1,9% ұлғайды.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 78 млрд теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (60%) болып табылды, оның көлемі 46,8 млрд теңгені құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 41,5%, өнеркәсіп – 18,8%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 14,3% - негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылды.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндірістер, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 122,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымының 68,4%-ын алатын өңдеу өнеркәсібінде 83,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде ірімшік және сүзбе өндірісі – 18,3%, ет және тағамдық қосымша өнімдер өндіру – 12,8%, кептірілген нан және печенье; ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер және пирожныйлар – 10,7%, майда тартылған ұн – 5,8%, сары май – 4,6% ұлғайды.

Машина жасаудың өндіріс көлемі – 2,3 есе, жеңіл өнеркәсіп – 1,7 есе, машиналар мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын жасау – 1,4 есе өсті.

Бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар шығару және ас үй жиһазын жасау 1,6 есе ұлғайды.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 18,6 млрд теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде 245 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 226 – тұрғын және 19 - тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар.

Негізгі құрал-жабдықтар 58,2 млрд теңге сомасына іске қосылды, одан 53,9 % – ауыл, орман және балық шаруашылығына, 14% – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке, 13% – өнеркәсіпке, 8,4% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға келеді.

2017 жылғы шілдеде жаңа құрылыс есебінен жанармай құю станциясы, астық қоймасы, жанар-жағар май материалдарына арналған қойма және сауда павильоны тапсырылды.

Облыс аумағында халықпен және кәсіпорындармен жалпы ауданы 58966 шаршы метр тұрғын үй енгізілді. Тұрғын үй жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа құны 81,3 мың теңгені құрады (2016 жылғы қаңтар-шілдеде – 54,5 мың теңге).

2017 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 106,2 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,5% өсті. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 23,8% өсті. 2017 жылғы қаңтар-шілдедегі көтерме сауда көлемі 135,3 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу