"Неке қиятын жер белгілі болды": Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермек

596

Танымал актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген Мекке қаласына қажылық сапарға барып, жақсы жаңалықты сүйіншіледі.

"Неке қиятын жер белгілі болды": Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермек Фото: Smart News

Ол екінші рет шаңырақ көтеретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Актер өзінің парақшасына ерекше жазба жариялады.

"Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым", – деп жазды актер.

Еске салайық, киножұлдыз екі баласының анасымен не себепті ажырасқандарын жайып салған еді.

"Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасап, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші", – деп айтып берген еді өнер иесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу