Алматы полициясы несие амнистиясына қатысты фейк ақпарат бойынша іс қозғады

994

ПД азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады. 

Алматы полициясы несие амнистиясына қатысты фейк ақпарат бойынша іс қозғады

Алматы қалалық полиция Департаментіне ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінен тұрғындар арасында несиеге рақымшылық жасау және несиені есептен шығару туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралу фактісі бойынша арыз келіп, деп жазады inbusiness.kz

"Қазіргі уақытта қалалық ПД тергеу Басқармасы жалған ақпарат тарату бойынша ҚР ҚК-нің 274 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Кінәлілер жасаған іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу