Невадада сайлау бюллетеньдері 10 қарашаға дейін қабылданады

622

Невада – таңдауы маңызды штаттардың бірі.

Невадада сайлау бюллетеньдері 10 қарашаға дейін қабылданады

АҚШ-тың Невада штатының билігі 3 қарашаға дейін пошта арқылы жіберілген сайлау бюллетеньдерін 10 қарашаға дейін қабылдайды. Бұл туралы штат хатшысының сайтында жарияланған. 

Бұған дейін Джозеф Байденнің осы штатта Дональд Трамптан басым түскені жарияланған еді. Яғни бюллетеньдердің 87%-ы саналғаннан кейін дауыстардың 49,4%-ы Байденде, 48,5%-ы Трампта екені белгілі болды. Ескере кету керек, осы штатта жеңіске жеткен үміткерге сайлаушылар алқасының 6 дауысы бұйырады. 
Associated Press есебі бойынша қазір Байден сайлаушылар алқасының 264 дауысына,  ал Дональд Трамп 214 дауысына ие. Аляска, Джорджия, Солтүстік Каролина, Невада, Пенсильвания штаттарында дауыстарды санау процесі жүріп жатыр. 

Трамптың Twitter-дегі соңғы мәлімдемесі мынадай: "Заңды дауыстар есептелсе, мен сайлауда жеңіске жетемін. Бақылаушыларға санақты қадағалауға рұқсат бермей жатыр. Осы уақыт аралығында қабылданған дауыстар заңсыз деп есептелуі керек. Бұны Құрама Штаттардың Жоғарғы соты шешеді".

Дәл осы мәлімдемесін ол Ақ үйде өткен брифингте жариялаған болатын. Бірақ ол демократтар саяси дода кезінде заң бұзушылыққа барды, дауыстарды ұрлады деп айта бастағанда, MSNBC, ABC, CBS, CNBC, NBC телеарналары тікелей эфирде жүріп жатқан трансляцияны тоқтатып тастаған.

Табиғат Нұрболат

Фото: thehill.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу