Нигердегі билеуші партияның штаб-пәтері өртенді

284

Кейбір партия мүшелері жарақат алды.

Нигердегі билеуші партияның штаб-пәтері өртенді Фото: БелТА

Жаппай наразылық акциясына қатысушылар Нигердің Демократия және социализм үшін  (PDSN) басқарушы партиясының штаб-пәтерін тонап, өртеп жіберді. Мұндай ақпаратты ActuNiger таратты, деп жазады Inbusiness.kz.

Вандализм актісі Нигердің астанасы Ниамей қаласында көрініс тапты. Мемлекеттік төңкеріс мәселесі бойынша партия кеңесі болып жатқан кезде көшеде өтіп бара жатқан жұртшылық ғимараттың терезелеріне тас лақтыра бастаған. 

Көп ұзамай демонстранттар саны көбейе бастады. Ақыры көтерілісшілер ғимаратты күшпен алды. Алдымен тоналған штаб-пәтер кейін өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіре алды.

Нигердегі әскерилер ұлттық теледидар арқылы Президент Мұхаммед Базумды биліктен тайдырғанын мәлімдегенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу