Nikkei индексі соңғы 29 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

520

TOPIX болса, 1,79%-ға өсіп, 1 711,98 пункт болды.

Nikkei индексі соңғы 29 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті Фото: rbc.ru

10 қарашада Токиодағы қор биржасының негізгі индекстері 1,5%-ға өсті. Бұған Германияның BioNtech деп аталатын компаниясы мен оның америкалық серіктесі Pfizer-дің коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеу туралы өтінімді АҚШ-қа жіберуі себеп болып отыр.

Сауда қорытындысы бойынша, Nikkei индексі 1,48%-ға көтеріліп, 25 279,94 пунктке жетті. Бұл – соңғы 29 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал TOPIX индексі 1,79%-ға өсіп, 1 711,98 пункт болды. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, егер вакциналау сәтті өтсе, әлемдік экономика дағдарыстан кейін біртіндеп қалпына келе бастайды. Сонымен қатар индекстерге АҚШ-тағы сайлау қорытындысы да оң әсерін тигізді. Америкалық ақпарат құралдарының алдын ала есебі бойынша, саяси додада Джозеф Байден жеңіске жетті. 

Еске сала кетсек, 9 қарашада BioNtech вакцина сынағының үшінші кезеңінің нәтижесін жариялаған еді. Ол бойынша препарат егілгеннен кейін вирусты жұқтыру қаупі 90%-ға төмендейтін көрінеді. Енді аталған қос компания вакцинаны тіркеу үшін келесі аптада тиісті құжаттарды АҚШ-қа жібермек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу