Харви Алтер, Майкл Хаутон, Чарльз Райс Нобель сыйлығының медицина бойынша лауреаттары атанды. Олар С гепатитін ашқан болатын. Бұл туралы Нобель комитеті хабарлады.
Ал физика бойынша жүлдегерлер 6 қазанда жарияланады. 7 қазанда Стокгольм қаласында химия , 8 қазанда әдебиет, 9 қазанда бейбітшілік сыйлықақылары үлестіріледі.
Өткен жылы медицина саласында Уильям Кэлин мен Грегг Семенза үздік деп танылған еді. Бұл ғалымдар оттегінің түрлі деңгейі жасушаға қалай әсер ететінін зерттеп, оның нәтижесі анемия, қатерлі ісік және басқа да дерттерді емдеу барысында сәтті қолданылған болатын.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу