Нобель сыйлықақысының көлемі өсті

681

Салтанатты шара биыл онлайн форматта өтеді. 

Нобель сыйлықақысының көлемі өсті

2020 жылы Нобель сыйлықақысының мөлшері 10 миллион швед кронасына дейін көтеріледі. Бұл шамамен 1 миллион доллардай қаражат. Нобель Қорының өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

Қордың дерегінше, 2012 жылдан бері қордың инвестициялық капиталы 3-тен 4,6 миллиард кронаға дейін өскен. Табыс артқан соң, жеңімпаздарға берілетін қааржы көлемін өсіру туралы шешім қабылданған. 
Ескере кететін жайт, бұл жүлденің сомасы 2011 жылға дейін 10 миллион крона болған еді. 2017 жылға дейін 8 миллион крона, одан кейін 9 миллион крона болып бекітілді. 

Нобель сыйлығының лауреаттарын жариялау рәсімі 5 қазанда басталады. Сыйлықты табыстау шарасы жыл сайын 10 желтоқсанда өткізіледі. Бірақ биыл пандемияға байланысты салтанатты шара онлайн форматта өтетін болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу