Мәжілістің жалпы отырысында "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі көтерілді. Бұл ретте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Қанат Мусин аталған Заң жобасының жаңалықтарымен таныстырды.
"Заң жобасының негізгі жаңалықтарына тоқталсақ, бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін заңнамалық регламенттеу және электрондық нысанда заңнамалық әрекеттер жасау сияқты элементтерді кеңінен енгізу. Нотариалдық құжаттарды сақтаудың орталықтандырылған электрондық жүйесін – репозитарийді құру. Тәртіптік жаза шараларын нақтылау, нотариустың құқықтары мен міндеттерін кеңейту. Нотариаттық палаталарды басқару органдарының өкілеттіктерін регламенттеу, қағаз және электронды құжаттың кең мәнділігін куәландыру", – деген Қанат Мусин комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2022 жылы 25 мамырға дейін қорытынды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.
Құралай Құдайберген