Novacom Corporation атауы Fincraft Group-қа өзгерді

1054

Қазақстан қор биржасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, "Novacom Corporation" ЖШС-нің басшысы Кеңес Рақышев холдинг атауын "Fincraft Group" ЖШС-ке өзгерткен.  

Novacom Corporation атауы Fincraft Group-қа өзгерді

Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енген "Novacom Corporation" ЖШС-нің жалғыз басшысы 2019 жылы 1 қарашадан бастап холдинг атауын "Fincraft Group" ЖШС-ке ауыстарды. Сонымен қатар, 2019 жылдың 28 қазандағы шешім бойынша серіктестіктің жарғылық капиталы 500 млн теңгеге көбейіп, 107,713 млрд теңгеге жетті. 

Естеріңізге сала кетсек, S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі тамыз айында "Novacom Corporation" ЖШС-ке "B/B" деңгейі бойынша ұзақ және қысқа мерзімді несиелік рейтинг берген болатын. 
"Novacom Corporation" ЖШС – "БТА Банк" АҚ-ың "БТА Банкіндегі" 29% үлесімен құрылған холдингтік компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу