Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласын бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы елордадағы өрт оқиғаларына қатысты биылғы жылдың 9 айының қорытындысын айтты.
"Өрт жағдайларының статистикасына қарасақ, 2020 жылдың 9 айында қала аумағында 400 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,4%-ға азырақ. Өрт кезінде 12 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды. Дегенмен осы көрсеткіш бойынша төмендеу динамикасы байқалады. Өрт салдарынан балалардың қайтыс болуына жол берілген жоқ", – деді департамент басшысы.
Еркін Отарғалымұлының сөзінше, өрт кезінде марқұм болған 12 адамның 10-ы мас болған.
Нұржан Көшкін