Нұр-Сұлтанда 7 мыңнан аса жаяу жүргінші жауапқа тартылды

727

Биыл елордада 7 мыңнан аса жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда 7 мыңнан аса жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 49 мыңнан аса жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталған.

Көлікті мас күйде басқарғаны үшін 500-ден аса жүргізуші ұсталды. Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткені үшін 1200-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 1500-ден аса көлік айыппұл тұрағына қойылды.

"Апаттылық жағдай туғызғаны үшін 600 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылған, әрі 7 мыңнан аса жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу