Нұр-Сұлтанда әйел адам жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды

734

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары жол апатынан көз жұмған әйел жедел жәрдем көлігі келгенде есін біліп жатқан деген ақпараттың жалған екенін айтты.

Нұр-Сұлтанда әйел адам жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды

Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Гүлжан" сауда үйінің маңында болған көлік апатының жай жапсарын қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Әлия Рүстемова апаттан көз жұмған әйел жедел жәрдем көлігі келгенде есін біліп жатқан деген ақпараттың жалған екенін айтты.

"Гүлжан" сауда үйінің ауданында екі жеңіл көлік соқтығысып, газет сататын дүңгіршекке кіріп кеткен. Дүңгіршек маңында болған адамдар зардап шегіп, 1967 жылғы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ол дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Жедел жәрдем оқиға орнында "биологиялық өлім" тіркеді", – дейді басқарма өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу