Нұр-Сұлтанда балабақшалардың кезекші топтарында бала санын көбейтуге рұқсат берілді

790

Өзгерістерге сәйкес, балабақшалардағы балалар санын 15-тен 25-ке дейін көбейтуге рұқсат етілген. 

Нұр-Сұлтанда балабақшалардың кезекші топтарында бала санын көбейтуге рұқсат берілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 2021 жылғы 3 наурыздағы шектеу және карантиндік шаралар туралы қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жайлы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыруды, әр топта 25 баладан артық емес толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитарлық- эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтау арқылы және жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеумен және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салумен қамтамасыз ету қажет", – деп жазылған қаулыда.

Сол сияқты, жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу