Нұр-Сұлтанда тұрғын үй құрылысы 1,7 есе өсті

682

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылы елімізде тұрғын үйдің рекордтық көлемі қолданысқа берілгенін мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй құрылысы 1,7 есе өсті

"Былтыр 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға жоғары көрсеткіш", – деді ол.

Руслан Дәленовтің дерегінше, 15 өңір жақсы нәтиже көрсетті. 

"Құрылыс қарқыны Нұр-Сұлтан қаласында ерекше болды. Мұнда тұрғын үй құрылысы 1,7 есе өсті", – деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша теріс нәтиже Қызылорда (-20%) және Атырау (-10,4%) облыстарында тіркелді. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу