Елордада ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жол апаты бүгін таңғы сағат 08:10-да болған.
"42 жастағы Mercedes жүргізушісі Түркістан көшесінен Орынбор көшесіне қарай жүріп бара жатқан, алайда ол көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағыттағы алты автомобильге соғылған", – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқиғадан төрт жүргізуші және бір жолаушы зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу