Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерді көлік қағып, олардың бірі мерт болды

816

Елорда жантүршігерлік жол апатынан бір адам мерт болып, төрт адам жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерді көлік қағып, олардың бірі мерт болды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы "Артем" базарының маңында болған. 

"31 қазанда түскі сағат сағат 13.33-те KIA көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесімен келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан ол жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін KIA "Лада" көлігіне соғылған. 60 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Екінші жаяу жүргінші, "Ладада" отырған екі жолаушы, KIA жүргізушісі ауруханаға жеткізілген", – деп жазылған хабарламада.

Полиция мәліметінше, жол апатынан жарақат алғандарды дәрігерлер тексеріп, олар үйіне жіберілген.

Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу