Елордада жол апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқыс оқиға 30 қыркүйекте түнгі сағат 00:34 болған.
"Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жүргізушісі көпірден Сарайшық көшесіне қарай жылдамдықты асырып жүріп бара жатқан. Алайда ол көлік рөліне ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытындағы Nexıa Ravon-ға соғылған. Оны 28 жастағы жүргізуші басқарған. Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті", – де жазылған Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті жүргізушілері жолда сақ болуға шақырады.