Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан зардап шеккендер әлі өтемақы алмаған

706

26 наурыз күні Қосшы ауылынан келе жатқан 303-автобус бар екпінімен келіп, бағдаршамда тұрған автобусты соққан еді.

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан зардап шеккендер әлі өтемақы алмаған

Нұр-Сұлтан қаласында 26 наурызда орын алған жол-көлік апатынан зардап шеккен азаматтар әлі өтемақыларын алмаған. Бұған себеп тергеу амалдарының аяқталмағандығы, деп хабарлайды аlmaty.tv.  

"Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот әлі аяқталған жоқ. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана, сақтандыру компаниясы зардап шеккендерге өтемақыны төлейді. Әлі сараптама дайын емес. Осы себепті сот кешігіп жатыр", – дейді "Астана Lrt" компаниясы қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Еске сала кетсек, 26 наурыз күні таңғы сағат 9:15-те Қосшы ауылынан келе жатқан 303-ші автобус бар екпінімен бағдаршамда тұрған екі автобусты келіп соғады. Екі жеңіл және бір жедел жәрдем көлігі зардап шекті. Салдарынан екі адам мерт болды. Олар: 53 жастағы Абай Оспанов пен 26-жастағы Айзат Нұрекенова. Бұдан бөлек, жолаушылардың 30-дайы  ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу