Нұр-Сұлтандағы жол апатында жарақаттанған Филиппин азаматына ота жасалады

830

Филиппин елінен келген әйел жеке меншік компанияда жұмыс істейді. Кеше ол соқтығысып қалған автобустардың бірінде болып, ауыр жарақат алған.

Нұр-Сұлтандағы жол апатында жарақаттанған Филиппин азаматына ота жасалады

 2-ші көпбейінді ауруxананың бас дәрігері Иван Ли кешегі жол-көлік апатында зардап шеккен Филиппин азаматының жағдайы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, Филиппин елінен келген әйел жеке меншік компанияда жұмыс істейді. Кеше ол соқтығысып қалған автобустардың бірінде болып, ауыр жарақат алған.

"Қазір ол торакалды xирургия бөлімшесінде жатыр. Алдағы бір тәуліктің ішінде оған ота жасалады. Кеуденің ішінде қан ағуы бар. Қазіргі кезде оған компьютерлік томография жасалуда. Бүгін торакоскопиялық отаны жасауға қатысты шешім қабылданады. Негізі, ол әйелдің жағдайы тұрақты және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ",– деді И.Ли арнайы баспасөз мәслиxатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу