Бұған дейін Шерхан Аймаханның қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым берген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс апелляциялық сатыда 24 тамыз сағат 10:00-де қаралмақ.
Жаза кетейік, Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылдың 11 қаңтары күні кісі қолынан жан тапсырды. Артынша қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталды.
Сот материалдарына сай, қызға 35 рет пышақ жарақаты салынған. 2026 жылдың 20 қаңтарында Президент 21 жастағы қыздың өліміне байланысты Ішкі істер министріне тапсырма берген де болатын.
Бірінші сатыдағы сот 13 тамызда Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы ("аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру"), 125-бабының 1-бөлігі ("некеге тұруға мәжбүрлеу") және 115-бабының 2-бөлігі ("сталкинг") бойынша толық кінәлі деп тапқан.