Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап.
"Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!", - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу