Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын жеделдетуді тапсырды

833

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын жеделдетуді тапсырды

Ведомствоның мәліметінше, аталған объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің кешенді жоспарында қарастырылған.

"Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жойқын жарылыс болды. Салдарынан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. 
 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу