Кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов сол күйі із-түссіз кетті. Оның көлігі Нұра өзенінен табылған болатын.
Төтенше жағдайлар мамандары мен еріктілер Нұрлан Сүлейменовті әлі де іздеу үстінде. Осы іздестірулер кезінде өзеннен басқа адамның, әйелдің денесін тапқан.
"Кәсіпкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Іздеу жұмыстары 29 сәуірге дейін жүргізіледі. Жақында мамандар өзеннен басқа бір әйел адамның денесін тауып алып, оны полицияға тапсырды",– деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Қазіргі кезде әйелдің жеке тұлғасын анықтау үшін жұмыстар жүргізілуде.
Арайлым Еркебаева
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу