Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні түстен кейін сөйлескен. Әңгімелесу барысында халықаралық ахуал, аймақтағы жағдай және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастары талқыланған.
Сонымен қатар жексенбі күні, таңертең Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлескен.
Сенбі, 24 маусым күні таңертең Владимир Путин Александр Лукашенкомен елде көтеріліс жасамақ болған "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің әрекетіне қатысты сөйлескен еді.
Кейінірек олар телефон арқылы Пригожинмен келіссөздердің нәтижесін талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу