Нью-Йорк қаласында 60 ереуілші қамауға алынды

637

Олар бейбіт шеру өткізуге кедергі келтірген.

Нью-Йорк қаласында 60 ереуілші қамауға алынды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының полиция қызметкерлері наразылық шарасына қатысқан 60 адамды қамауға алды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.Ресми дерек бойынша, бейбіт түрде басталған шара кейін тәртіпсіздіктерге ұласып кеткен. Ереуілшілердің дені – демократ Джозеф Байденнің жақтастары. Олар сайлауда Байден жеңіске жетті деп мойындауды талап еткен. Наразы топ көшедегі көлік қозғалысын тежеп, шу шығарған. 

"Біз сөз бостандығын бағалаймыз, бірақ ұсталғандар бейбіт шеру өткізуге кедергі келтірді",– деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, 3 қарашада Құрама Штаттарда президент сайлауы өтті. Ең жоғарғы мемлекеттік лауазымға қазіргі президент Дональд Трамп пен демократ Джо Байден таласып жатыр. Саяси текетірестің қорытындысы бірнеше күннен кейін ресми түрде жарияланады. Бірақ кейбір жергілікті ақпарат құралдары өздерінің бейресми есебін жариялап жатыр. Мысалы, Associated Press дерегіне сүйенсек, сайлаушылар алқасының дауысы (electoral vote)  бойынша Байден алда келеді. Ол 264 дауыс жинаған. Ал Трамптың еншісінде әзірге 214 дауыс.
Ал CNN есебі бойынша, Трампта 213 дауыс, Байденде әзірге 253 дауыс.

Табиғат Нұрболат

Фото: nytimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу