Нью-Йоркте ірі жол апаты тіркелді

371

20 шақты адам ауруханаға түсті.

Нью-Йоркте ірі жол апаты тіркелді Фото: reuters.com

Нью-Йоркте екі атвобус соқтығысты. Ірі жол апаты салдарынан 81 адам зардап шеккен.  Олардың 20 шақтысы ауруханаға түсіп, қалғандары жеңіл-желпі жарақаттар алғаны анықталды.

Апаттық жағдай Манхэттен орталығында болған.

Куәгерлердің айтуынша, екі қабатты  туристік автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, басқа жолаушылар автобусына соғылған. Әзірге жүргізушінің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Тергеу жүріп  жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу