Димаш Құдайберген Нью-Йорк төрінде концерт берді

865

Ол отандық әртістердің ішінде бірінші болып танымал сахнада жеке концертін берді. 

 Димаш Құдайберген Нью-Йорк төрінде концерт берді Фото: Бейнежазбадан

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Stranger" атты концерт 5 қазанда өтті. АҚШ-тың басты концерт залы әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрермендерге лық толып, Димаш халықтың ыстық ықыласына бөленді. Бұл – отандық өнерпаздың Нью-Йоркте берген екінші концерті. Ол алғаш рет 2019 жылы бұл қаланы бағындырған болатын. 

Концертте танымал хиттермен қатар, жаңа әндер де шырқалды. Димаш Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын орындады. Әнші қазақтың қара домбырасын да ұмытпады. Ал Stranger атты ән қобыз бен виолончельдің әуенімен сүйемелденді.

Осылайша Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры басталды. Санаулы күннен кейін оның Мехико қаласында концерті өтеді.

Айта кету керек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры мигранттар мәселесіне назар аударатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу