Облыс аумағы кішірейсе де әкімдердің жалақысы азаймайды – Әлібек Қуантыров

963

Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары бөлінгенде мемлекеттік қызметкерлер саны еселеп өспейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысынан кейін журналистерге айтты. 

Облыс аумағы кішірейсе де әкімдердің жалақысы азаймайды – Әлібек Қуантыров

"Әкімдердің басқаратын аумағы азаятындықтан жалақысы да қысқартыла ма?", – деп сұрады журналистер.

"Олардың жұмыс істейтін аймақтары кішірейгенімен, жұмыс көлемі сақталады. Сондықтан менің ойымша, жалақылары сол күйі қалады. Мемлекеттік қызметкерлерге белгіленген арнайы жалақы мөлшері де бар ғой", – дейді Қуантыров.

Оның айтуына қарағанда, мемлекеттік қызметкерлер саны аздап болса да көбейеді.

"Мемлекеттік қызметшілер саны еселеп өспейтіні анық. Әзірге қазір бар штаттар аясында ұйымдастырылады. Мысалы, 30-40%-ға артуы мүмкін дедім ғой. Бірақ жетпей жатса, қосымша қарастырамыз. Өйткені тек әкімдік қызметкерлері ғана емес, аумақтық бөлімшелерін ұстайтын орталық меморган өкілдері де бар. Мысалы, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеті бар. Мұндай комитеттер көп. Олардың аумақтық бөлімшелері бар. Оларды да бөлу керек болады. Өйткені жаңа өңірлер мен аудандарға мемлекеттік кірістер, қазынашылық сияқты бағыты бойынша өз органдары болуы керек. Яғни бұл өте кешенді мәселе", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу