Облыстық білім басқармасы: Талдықорғандық педагогтер келесі аптада айлықтарын алады

533

Талдықорғанда қыркүйектен бері айлық алмаған педагогтердің жалақысы келесі аптада беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасы: Талдықорғандық педагогтер келесі аптада айлықтарын алады

"Талдықорған қаласында 5 мектеп пен 3 балабақшаның мамандары қыркүйек айының айлығын алмады. Дүйсенбі күні ақшасын шоттарына салып жібереді. Келесі аптада жалақысын алады. Мұндай жағдай Жетісу облысы бойынша тек Талдықорған қаласында ғана болып тұр. Себебі тиісті мамандар дер кезінде құжаттарын жіберіп үлгермеген. Сол себепті, айлықтары шамамен 17 күнге кешіктіріліп отыр. Мұндай келеңсіз жайт тудырған жауаптыларға шара қолданылады", – деді Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова.

Бұған дейін өздеріне тиесілі еңбекақысын ала алмай жүрген педагогтердің жанайқайын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу