Жұмыс күн сайын 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Бұл үшін әскери бөлім мен елді мекендерден алыс учаске белгіленген.
"Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді. Жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланды. Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ", – деп жазылған хабарлмада.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жойқын жарылыс болды.