Оқиға орнында 33 жедел жәрдем тобы жұмыс істеген

1098

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматы түбіндегі ұшақ апатына қатысты шұғыл брифинг өткізді.  

Оқиға орнында 33 жедел жәрдем тобы жұмыс істеген

Алматы әуежайының президенті Болат Ержанов өздері тарапынан қателіктер болмағанын мәлімдеді. Әуежай басшысы бұл жолақтан  Foker-100" ұшағы аспанға көтерлігенге дейін 3 минут бұрын Алматы – Мәскеу бағытындағы "Эйр Астана" әуе кемесі ұшқанын айтады.

"Бұл жолақтан Foker-100-ге дейін 3 минут бұрын Алматы – Мәскеу бағытындағы "Эйр Астана" әуе кемесі аспанға көтерілді. 7:21 минутта апатқа ұшыраған ұшақ аспанға көтерілді. Сағат 7:40-те ұшақ радардан жоғалып кетті деген хабарлама келді. Оқиға орнына бірінші болып әуежайдың апаттық-құтқару тобы мен авиациялық қызмет келді",– деді әуежай президенті.

Ал жедел жәрдем қызметі неге кешікті деген журналистердің сауалына әуежай басшылығы "барлығы уақытылы келді" деп жауап берді.

"Бірден жедел жәрдем келіп, жолаушыларға көмек көрсетілді. Олар жапа шеккендерді әуежайға алып келіп, ем шараларын жасады. Әуежай ғимаратында жалпы саны 60 адамға көмектестік. Оқиға орнында 10 адам қаза тапты",– деді Болат Ержанов.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлауынша, жалпы оқиға орнында 33 жедел жәрдем тобы жұмыс істеген. Қазірге белгілісі – ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды.  49 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 18-і ауыр күйде, жансақтау бөліміне түскен.

Ескере кететін бір жайт, бұған дейін берілген ақпараттарда 15 адам мерт болғандығы айтылған еді. Алматы әуежайының президенті Болат Ержанов 12 адам көз жұмды деп нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу