"ӨКМ Операторы" басшысының өліміне қатысты тергеу басталды

1160

Ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.

"ӨКМ Операторы" басшысының өліміне қатысты тергеу басталды

Елордада "ӨКМ Операторы" ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ер адамның денесінің табылуына байланысты "Есіл" ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Руслан Шәмшиев бұл қызметке өткен жылы тағайындалған. Осыған дейін ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында еңбек еткен.

Айта кетейік, бүгін "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның бас директоры Медет Құмарғалиев қамауға алынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу