ӨКП директоры облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

920

Олег Крук – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары. 

ӨКП директоры облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды Фото: Валерий Бугаев

Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын өнеркәсіптік жылу энергетикасы мамандығы бойынша бітірді.  

Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар ЖЭО-3-те слесарлық шеберлікті игеруден бастады. Университетті бітіргеннен кейін жылу-электр орталығындағы жұмысын  жалғастырып, қазандық бөлімінде инженер-технолог, бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылы "CCL-Energo Company" ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы болды. 1999-2002 жылдары "Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясы", "Казснабцентр", "Казпромресурс" және "Теплоцентр-Северный" кәсіпорындарында еңбек етті. 2002 жылы "Павлодарэнерго" ААҚ жылу желілерінің директоры болып тағайындалды. 2006 жылы "Павлодар жылу желілері" АҚ басқарды.

2007 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды. 2008 жылы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметіне ауысып, осы лауазымда төрт жылдан астам уақыт қызмет етті. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты.

Ал өткен жылдың тамыз айында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Павлодар облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін палатаға басшылық етті.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук өңірдегі энергетика, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауапты болмақ.

Ажар Дәулетова 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу