Мұхтар Ербаян пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды – Қайрат Үмбетов

5579

Сарбаз қызметші сүйек-ми жарақатын алған.

Мұхтар Ербаян пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды – Қайрат Үмбетов Фото: коллаж: inbusiness.kz

Бұл туралы AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ербаян Мұхтар Ұлттық ұлан қатарында әскери қызметін атқару кезінде түнгі сағат 2-де ұйқысынан тұрып, дәретханаға барғанда жығылып, жарақат алған. Қазіргі жағдайы сол жарақаттан емес. Сарбаз емделу кезінде жұқпалы ауру жұқтырып алған. Біздің қолымыздан, әскери бөлім басшылығынан дәрігерлік көмек көрсетіліп жіберілген. Өкінішке орай, емделу кезінде ол өкпенің қабынуы, іріңді гайморит жанама ауруына ұшыраған. Осыған байланысты дәрігерлердің кеңесуі арқылы мәжбүрлі түрде жасалған ота барысында осындай жағдайға душар болып отыр", – деді Қайрат Үмбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу