Сауда-саттық жөніндегі еурокомиссар Фил Хоган ақыры отставкаға кетті. Ол індет кезінде санитарлық шараларды сақтамағаны үшін жұмысынан айырылып отыр.
"Мен ЕО-ның сауда-саттық жөніндегі комиссары қызметінен кету туралы өтініш жаздым. Одақ комиссары ретінде Ирландияға іссапармен барғаныма қатысты келіспеушіліктер алдағы уақытта менің жұмысыма кедергі келтіреді", – деді Хоган.
Еске сала кетсек, еурокомиссар қатысқан шарада 80 адам болған. Ол бірнеше рет көпшіліктен кешірім сұрады. Бірақ ол Ирландияға келген бойда екі аптадай оқшауланбағаны үшін сынның астында қалып, қызметін босатуға мәжбүр болды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу