Аймағамбетов: Оқу жылын ұзарту мектептегі жүктемені жеңілдетеді

705

Оқу жылы 36 аптаға созылды.

Аймағамбетов: Оқу жылын ұзарту мектептегі жүктемені жеңілдетеді

Оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту мектептерге түсетін жүктемені азайтуға және үш ауысымдық білім беруді болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұл жаңалықты 16 тамыздағы Үкімет отырысы барысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"1,5 миллион бала бес күндік оқу аптасына ауыса алмады. 100-ден астам мектеп үш ауысымда жұмыс істейді деген қауіп болды, бірақ жаңалықтарды енгізгеннен кейін, олар екі ауысымда жұмыс істейтін болады. Екінші ауысымда оқитын балаларға кабинеттер босайды, осыған байланысты балалар бірінші ауысымға ауысады. Бұл да ата-аналар үшін өте маңызды", – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Жалпы оның мәліметінше, Қазақстанда 3,6 млн оқушыны қамтитын 7 637 мектеп бар. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, яғни 36 аптаға болмақ.

"Қазақстандағы жазғы демалыс білім беру саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда ұзақ болып сақталады. Балаларға арналған демалыс жылына төрт рет қарастырылған. Демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, балалар жыл бойы 192 күн демалады, 173 күн оқу оқиды", – деп түсіндірді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу