Оқу жылына екі апта қалса да, құрылысы бітпеген мектептер бар

427

Сондықтан жаңа нысандар қыркүйекте емес, кешірек қолданысқа берілуі мүмкін.

Оқу жылына екі апта қалса да, құрылысы бітпеген мектептер бар Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет басшысының сөзінше, әсіресе, Түркістан мен Астана қалалары жұмысты уақытылы бітіре алмай жатыр. Бұған қоса 180 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Онда да кешігу бар. Сондықтан Ақмолада 7 мектеп, Павлодар және Солтүстік өңірлерде екі мектеп оқу жылына үлгермей қалуы мүмкін.

"Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Нормаға сәйкес, барлық құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылының басталуынан 2 апта бұрынаяқталуы керек. Оқушылар таза әрі бояу иісі жоқ сыныптарға келуі тиіс", - деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Тағы бір мәселе. Әлі күнге дейін 3 мыңға жуық мектеп қауіпсіздік жүйесімен жабдықталмаған. Яғни бейнебақылау стандартқа сай емес, дабыл түймелері орнатылмаған, турникеттер мен лицензиялық күзет жоқ. Осыған орай бірқатар басшыға айыппұл салынды.

"Ішкі істер органдары 5 620 мекеменің қауіпсіздікжүйелерімен жабдықталуын тексерді. Нәтижесінде 2 900 объектіде заңбұзушылықанықталды. Барлығы 24 басшы жауапқа тартылып, оларға 5,4 млн теңге айыппұлсалынды. Қалғандарына кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді", - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу