Оқушы қыздарға қырындаған мұғалімге қатысты тың деректер белгілі болды

890

Ерсі қылық жасаған мұғалім конкурс бойынша жұмысқа орналасқан. 

Оқушы қыздарға қырындаған мұғалімге қатысты тың деректер белгілі болды Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова оқушыға қырындаған 43 жастағы мұғалімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады inbusiness.kz сайты. 

"Қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс қазір белсенді түрде қаралып жатыр. Біздің бақылауымызда тұр", - деді Насымжан Оспанова Мәжіліс кулуарында.

Комитет төрағасы мұғалімнің конкурс бойынша жұмысқа орналасқанын айтты.

"Заңнама жүзінде конкурстан өтті. Ешқандай қайшы дүние болмады. Мұғалімнің тарапынан қарама-қайшы әрекеттер байқалмады. Еңбек кодексіне сәйкес, үш ай сынақ мерзімінен толық өтті. Бірақ осындай жантүршігерлік ақпараттар пайда болды", - деді ол.

Насымжан Оспанова келеңсіз жағдай туралы ақпарат қалай тарағанына тоқталды.

"Балалар ата-анасына шағымданған. Ата-аналар кейін бұл туралы мектепке хабарлады", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада 43 жастағы мұғалім 7-сынып оқушысына қырындағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу